Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Еуро-2026: Шерхан Қалмырза ұлттық құрамаға шақырылды

Фото: ФК "Қайрат"

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) бас бапкері Кирилл Кекер 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Команданың оқу-жаттығу жиыны Алматы қаласы «Қайрат» футбол клубының базасында өтуде. Құрама сапына 36 ойыншы кірді.

Қақпашылар: Шерхан Қалмырза, Диас Реймов (екеуі де – «Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»), Мадияр Төлеубек («Ertis»), Махмуджан Сұңғатуллин («Жас Қыран»);

Қорғаушылар: Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Әкежан Қалиқұлов, Райымбек Кеңесбеков (барлығы – «Қайрат»), Марк Богаачев, Хасен Артурұлы (екеуі де – «Ақтөбе»), Айдын Есболов («Ордабасы»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания), Әлихан Жексенбек, Абзал Сағын (екеуі де – «Астана»), Аманжол Бақытжанов («Тобыл»), Темірлан Төребек («Ertis»);

Жартылай қорғаушылар: Евгений Петрик, Карим Махаметжан, Мұхамедәлі Әбіш, Нұржан Еркін, Аламгир Смақов (барлығы – «Қайрат»), Әли Ақылбаев, Нұрхан Қағазбаев («Шахтер»), Ербол Құрманахан («Жетісу»), Руслан Рахметов («Ertis»), Азамат Мусаев («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Мансұр Бірқұрманов, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (бәрі – «Қайрат»), Виталий Латурнус («Ақтөбе»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания), Мақсат Абраев, Ален Пак, Даниял Назаров (бәрі – «Астана»);

Еске сала кетейік, қарашада Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-19) 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында алғашқы ойындарды бастайды. Матчтар Нидерландта өтеді. Кирилл Кекер шәкірттерінің қарсыластары – Нидерланд, Кипр және Ирландия құрамалары болады.

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» 10 адаммен ойнаған Грузия клубын жеңе алмай ұятқа қалды

Redaktor

Ламин Ямаль Еуропа чемпионатының ең үздік жас ойыншысы атанды

Redaktor

Қайсар Бекенов елорда клубына директор ретінде оралды

Redaktor

Пікір жазу