Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Өзі секілді сұп-сұлу қызы бар»: Кәмшат Жолдыбаеваның өміріне қатысты тың жаңалық белгілі болды

https://www.instagram.com/kamshat__zholdybayeva?

Танымал әнші әрі музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында біраз уақыттан бері көпшілік көзінен таса жүрген Кәмшат Жолдыбаеваның шығармашылыққа қайта оралуы жайлы айтты.

Бағым Мұхитденованың айтуынша, Кәмшат қазір отбасына, әсіресе сәбиіне көбірек уақыт бөліп жүр. Дегенмен, ол сахнадан біржола кеткен жоқ, тек уақытша үзіліс алған.

Мен Кәмшатпен жақында ғана сөйлестім. Оның менің концертімде өнер көрсеткенін қатты қаладым. Ұсыныс та жасадым. Бірақ ол қазір – ана. “Сахнаға шыққым келеді, бірақ сәбиімді қалдыратын ешкім жоқ, – деді. Қызы әлі кішкентай, өзі секілді сұп-сұлу балақай», – деді продюсер.

Мұхитденова Кәмшатпен және өзге де әншілермен байланысын үзбегенін айтып, әріптесінің өнерге қайта оралатынына сенім білдірді:

Біз Кәмшатпен де, басқа өнер адамдарымен де жиі хабарласып тұрамыз. Кәмшат үшін бұл уақыт – өмірінің ерекше кезеңі. Бірақ менің ойымша, ол бәрібір сахнаға оралады. Оған тек уақыт керек, – деп түйіндеді продюсер.

Ұқсас жаңалықтар

Қайрат Нұртастың қызына қатысты мәлімдеме жасалды

Redaktor

«Қарашада қамауға алындым»: Мақпал Жүнісова ерекше жағдаймен елді алаңдатып қойды

Redaktor

«Өтірік емес, ақиқат»: Эфирге амалсыз барған Индира Елемес шындықты жариялады

Redaktor

Пікір жазу