Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Гүлзира Айдарбекова тоқалдықты заңдастыру идеясын сынға алды

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал продюсер әрі Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның тоқалдықты заңдастыру туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді.

Продюсер өз ойын әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жазды. Ол мұндай бастама қоғамдағы отбасылық құндылықтарды бұзады деп есептейді.

«Елдің бір-бірімен қырылғаны аз еді, енді отбасылары қырылсын деп отырған шығар. Күйеуі ішіп, ұрып, дұрыс ақша таппаса да, қанша әйел балалары үшін шыдап отыр. Ал адал, өмірін отбасына арнаған әйелдер ешқашан басқа әйел алуына көнбейді», — деп жазды Айдарбекова.

Оның айтуынша, тоқалдықты заңдастыру кейбір ер адамдардың отбасынан безіп, жауапкершіліктен қашуына жол ашуы мүмкін.

«Заң бар деп беті былқ етпейтін қарабет ер азаматтар бала-шағасын тастап, ойнастарымен өмір сүреді. Мұндай заңды қолдаушылардың өз әйелдерінен жасырып жүргендері бар шығар. Ал өз қыздарының басына осындай жағдай түссе, қалай болар еді?» — деп жазды продюсер.

Сондай-ақ ол тоқалдық дәстүрінің қазіргі заманда әлеуметтік және моральдық тұрғыдан өзекті еместігін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан екінші әйел алуға заңмен рұқсат беру туралы мәселені көтеріп, оны қоғамда кеңінен талқылау қажет екенін мәлімдеген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

«Ешкімге айтпап едік, келіп ала береді». Гүлзира Айдарбекова құдағиына ренжіді

Redaktor

«Қатын жолда, бала белде»: Танымал актер Тұрсынбек Қабатовты қолдап, жазбасымен дау тудырды

Redaktor

Сәкен Майғазиевтің Мәдина Сәдуақасованың арасында не бар?

Redaktor

Пікір жазу