Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

«Алғаш рет!»: Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалына жолдама алды

ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінің финалына шықты.

Жартылай финалда Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен кездесіп, екі сағаттан аса созылған тартысты матчта жеңіске жетті.

Қарсыластар бұған дейін бес рет ойнап, олардың үшеуінде Пегула басым түскен еді. Бұл жолы қазақстандық теннисші есесін қайтарды.

Бірінші сетте америкалық спортшы брейк жасап, 6:4 есебімен алға шықты. Екінші партияда Рыбакина өз ойынын түзетіп, нәтижесінде 6:4 есебімен таразы басын теңестірді. Шешуші үшінші сетте қазақстандық теннисші сенімді ойын көрсетіп, матчты жеңіспен аяқтады — 6:3.

Бәсеке барысында Рыбакина 15 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды. Пегула өз кезегінде 1 эйс және 4 брейкпен шектелді.

Осылайша, Елена Рыбакина — WTA қорытынды турнирінің финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Пегула матчты жақсы бастады, мен сәл баяу қимылдадым. Бірақ екінші сеттен бастап өз ырғағымды таптым. 15 эйс те жеңіске ықпал етті. Маған жанкүйер болып отырған барша адамға алғыс айтамын, – деді Рыбакина матчтан кейін.

Финалда қазақстандық спортшы әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко (Беларусь) мен рейтингтегі төртінші орын иегері Аманда Анисимова (АҚШ) арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.

Ұқсас жаңалықтар

«ПСЖ клубының төрт ойыншысы бар»: 2025 жылдың ең үздік футболшысы атағына үміткерлер тізімін жариялады

Redaktor

Жәнібекке қауіп төндіруі мүмкін: Әлімханұлына ең қауіпті қарсылас табылды

Redaktor

 «Қайрат» Александр Заруцкийдің болашағы туралы ресми мәлімдеме жасады

Redaktor

Пікір жазу