Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутзал

Футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерінің есімі аталды

ҚФФ

Қазақстан футзал құрамасы жаңа бас бапкерін анықтап жатқан сияқты. Дереккөздердің мәліметінше, бұл қызметке бразилиялық маман Паулу Рикардо Камара Собрал, яғни жанкүйерлерге Какау есімімен танымал жаттықтырушы қайта оралуы мүмкін.

«Біздің дерегімізше, Рикардо Камара Собрал (Какау) ұзақ шетелдік сапарлардан кейін Қазақстанға қайта келу туралы ұсыныс алған. Ол бұл нұсқаны қарастыруға қарсы емес. Какау 2013–2018 жылдары Қазақстан құрамасын жаттықтырған. Дәл сол кезеңде команда 2016 жылғы Еуропа чемпионатында алғаш рет қола жүлдеге қол жеткізген болатын», — делінген ақпаратта.

54 жастағы маманның соңғы жұмыс орны — БАӘ ұлттық құрамасы. Бұған дейін ол Ирак және Кувейт құрамаларын, сондай-ақ Румынияның “Аутобергамо Дева” және “Юнайтед Галати” клубтарын баптаған.

Еске сала кетсек, 8 қараша күні Қазақстан футбол федерациясы футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері Паулу Рикардо Фигейро Силвамен (Кака) келісімшарттың аяқталғанын хабарлаған еді.

Кака басшылығымен Қазақстан құрамасы соңғы он жылда алғаш рет Еуро-2026 финалдық кезеңіне өте алмай, ірі халықаралық турнирден тыс қалған болатын.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда теннис ойнаудан бас тартқан Бублик жеке рекордын жаңартты

Redaktor

Дамир САДЫРОВ: Мектеп спорт залынан әлемдік джиу-джитсу татамилеріне дейін

admin_beksports

Қазақстан Солтүстік Кореямен жолдастық кездесу өткізеді

Redaktor

Пікір жазу