Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Бельгия құрамасының тағы бір жұлдызы Қазақстанға келмейтін болды

Фото: Mutsu Kawamori/AFLO

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында 15 қараша күні Астанада өтетін Қазақстан – Бельгия матчы алдында Еуропаның алып құрамасы бірқатар негізгі ойыншыларынан айырылып қалды. Команданың төрт бірдей жетекші футболшысы жарақат пен тәртіптік жаза салдарынан маңызды кездесуге қатыса алмайды.

Мадридтік «Реал» қақпашысы Тибо Куртуа кезекті жарақатқа тап болды. «Райо Вальеканоға» қарсы ойында ол бұлшық етін зақымдап, матчты аяқтай алмады. Испаниялық журналист Родраның мәліметінше, Куртуа Бельгия құрамасына қосыла алмайды және Қазақстан (15 қараша) мен Лихтенштейнге (18 қараша) қарсы матчтарға келмейді.

Айта кетейік, бұл Куртуа үшін биылғы екінші Қазақстан сапары болуы мүмкін еді. Қыркүйекте ол «Реал» сапында Алматыда «Қайратқа» қарсы жолдастық кездесуде алаңға шығып, 5:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Бельгия құрамасы тағы бір ауыр соққы алды. Команданың басты жұлдызы, «Наполи» жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне де жарақатына байланысты Астанаға келмейді. 34 жастағы ойыншы «Интерге» қарсы матчта пенальти орындаған соң бұлшық етінде ауырсыну сезініп, ойын соңына дейін жалғастыра алмады.

«Наполи» клубы жарақатты растағанымен, оның қалпына келу мерзімін нақтылаған жоқ. Итальяндық БАҚ мәліметінше, де Брюйне төрт айға дейін алаңнан шет қалуы мүмкін.

Бельгия құрамасында қиындық мұнымен шектелмейді. Тағы бірнеше ойыншы Қазақстанға келмейді. Олар: Ромелу Лукаку («Наполи», жарақат), Зено Дебаст («Спортинг», жарақат), Йохан Бакайоко («РБ Лейпциг», бас бапкер Руди Гарсия шақырмаған) және Тома Мёнье («Лилль», сары қағаздар лимиті салдарынан матчқа қатыспайды).

Қазақстан құрамасына қарсы матч алдында Бельгия сапында елеулі кадрлық мәселелер туындап отыр. Соған қарамастан, Еуропаның топ құрамасы жас ойыншыларға мүмкіндік беріп, жеңіске ұмтылатыны анық.

Ұқсас жаңалықтар

Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай Қазақстанның үздік боксшылары атанды

Redaktor

Қазақстан құрамасы Президент Кубогына қатысатын құрамын жариялады

Redaktor

Армрестлингтен әлем чемпионаты: Қазақстан 82 алтын медаль жеңіп алды

Redaktor

Пікір жазу