Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы алғаш рет ана атанды

Фото: Instagram/fari___za____zhan

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы алғаш рет ана атанды.

Қуанышты жаңалықты өнер иесінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, оқырмандарымен сүйінші бөлісті.

«Сүйінші! Бүгін өміріміздің ең тәтті үні естіліп, жер бетіне менің кішкентай ханзадам келді. Құттықтауларыңызды қабылдауға дайынбыз», – деп жазды ол.

Белгілі болғандай, Сымбат ұл бала дүниеге әкелді.

Желіде сынға қалған еді

Еске салайық, Сымбат былтыр тамыз айында, 16 жасында тұрмысқа шыққан болатын. Артынша жүкті болғаны белгілі болғанда әлеуметтік желіде сынға ілікті.

Бұған дейін блогер ретінде танымал бола бастаған Сымбат жүктілігіне қатысты жазба жариялап, ішін ұстап түсірілген суреттерін салған. Алайда желі қолданушылары бұл әрекетін құптамады:

«Жүктілікті бұрын жасырын ұстайтын», «Тіл мен көзден сақтану деген бар», «Ақша үшін бәріне барады», «Жап-жас қыздың екіқабат болып жүргені дұрыс емес», «Әкесін жерге қаратып жүр», – деген пікірлер көптеп жазылды.

Сонымен қатар Сымбат дүниеге келмеген сәбиіне алдын ала бесік сатып алғаны үшін де сыналған еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Фариза Жуманова (@fari___za____zhan)

Ұқсас жаңалықтар

«Қызымның ұстайтын жері қалмапты»: Сәкен Майғазиевтің құдағиы ашу-ызаға булықты

Redaktor

Асылхан Төлеповтің қарындасы екінші рет тұрмысқа шықты

Redaktor

Қыдырәлі Болманов «Ұлытау» тобының марапат алмағанына ренжіді

Redaktor

Пікір жазу