Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

«Сенсация болады»: Әлемнің бұрынғы чемпионы Әлімханұлына қауіпті болжам жасады

qazsporttv.kz

Екі салмақ дәрежесінде бұрын әлем чемпионы атанған, қазіргі бокс сарапшысы және комментатор Пол Малиньяджи қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен кубалық Эрисланди Лараның (31-3-3, 19 KO) алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

Америкалық маман бұл кездесуде күтпеген нәтиже тіркелуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Көпшілік жеңісті Жәнібектен күтеді, бірақ егер ол соңғы кездегідей сенімсіз өнер көрсетсе, Лара өз айласын пайдаланып, айқасты өз пайдасына шешуі ықтимал. Менің ойымша, Жәнібек бар күшін салып жұдырықтасуы керек. Жалпы алғанда, оның бұл жекпе-жекте не күтіп тұрғанын білеміз. Дегенмен егер ол өз деңгейінде өнер көрсетпесе, Лара сенсация жасай алады, – деді Малиньяджи өзінің Paulie TV YouTube-арнасындағы эфирінде.

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді. Бұл кештің тең басты оқиғасы болмақ.

Айта кетейік, 42 жастағы Лара соңғы рет 2024 жылдың қыркүйегінде шаршы алаңға шығып, екі салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы америкалық Дэнни Гарсияны (37-4, 21 KO) мерзімінен бұрын жеңген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова World Boxing нұсқасы бойынша «Жылдың үздік боксшылары» атанды

Redaktor

Қанат Ислам: Жәнібек Әлімханұлының қасында мықты маман жоқ

Redaktor

Данияр Қайсанов Азия чемпионатындағы нәтижені қорытындылады

Redaktor