Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Командаға салмақ болғым келмейді»: Месси әлем чемпионатына бармауы мүмкін

Фото: Global Look Press

Аргентиналық футболшы, «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси Sport.es басылымына берген сұхбатында келер жылы өтетін әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін екенін айтты.

Әлем чемпионы бұл шешімге физикалық дайындық пен команданың мүддесін алға қоя отырып қарайтынын жеткізді. Ол Аргентина құрамасы үшін 195 матч өткізіп, 114 гол соққан, бірақ әзірге 2026 жылғы мундиальға қатысатынына нақты сенімді емес.

Командаға салмақ болғым келмейді. Өзімді жақсы формада сезініп, командаға шын мәнінде көмектесе алатыныма көз жеткізгім келеді. MLS маусымы Еуропадағы кестемен сәйкес келмейді, сондықтан турнир жақындағанда жағдайға қараймыз, – деді Месси.

Футболшының бұл мәлімдемесі жанкүйерлер арасында үлкен талқылауға себеп болды. Көпшілік Мессидің ұлттық құрамамен қоштасуға әлі ерте екенін айтып, оның соңғы әлем чемпионатына қатысатынына үміт білдіруде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның ең қымбат футболшылары анықталды

Redaktor

Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды

Redaktor

«Артық сөкпеңіздер»: Махмұд Сабырханның қалыңдығы жан сырын ақтарды

Redaktor

Пікір жазу