Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Арман Дүйсеновтің жары президенттен көмек сұрады

әлеуметтік желі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сазгер Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы Алматы қаласы сотының шешіміне қатысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық арыз жолдап, әділдік сұрады. Ол бұл туралы «TalkLike» бағдарламасында мәлімдеді.

«Ұлымның өлімі күмәнді жағдайда болды»

Айсұлу Айданқызының айтуынша, 2024 жылдың 7 қазанында 21 жастағы ұлы Абылай Дүйсен отбасылық пәтерде екі қолы артына байланған, мойнына сүйеп байланған күйінде табылған.

«Екі қолы артына байланған адамның өзіне қол жұмсауы мүмкін бе? Тергеу барысында көптеген дерек анықталды, бірақ нақты шешім әлі жоқ. Бостандық аудандық полициясы да нақты жауап бере алмады», — дейді ол.

Оның сөзінше, Абылайдың өліміне қатысты бірнеше материал тіркелгенімен, іс толық ашылмаған.
Пәтер дауы және даулы сот шешімі

2025 жылдың 24 қазанында Бостандық аудандық соты Айсұлу Айданқызы, оның 13 жастағы баласы және 83 жастағы әкесін тұрып жатқан пәтерден шығару туралы шешім шығарған.

Айсұлу Айданқызының айтуынша, пәтерге таласып отырған Мұқаш Санжар тергеу кезінде пәтерді сатып алмағанын, тек Абылайға қарыз ақша беріп, пәтерді кепілге алғанын мойындаған.

Бұл дерек 2024 жылғы 15 қазан және 2025 жылғы 30 шілде күнгі тергеу соты қаулыларында нақты көрсетілген.

«Сот сатып алу-сату келісімшартын жарамсыз деп тануға тиіс еді. Ал ватсап жазбаларында Санжардың Абылайға 65 миллион теңгені өте жоғары пайызбен қарызға бергені анық көрінеді. Сот шешімі заңға қайшы», — деді Айсұлу Айданқызы.

Президентке үндеу

Марқұмның анасы істің әділ қаралуына Президенттің ықпал етуін сұрады:

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сот төрелігінің әділ болуына көмектесуіңізді өтінемін», -деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

«Дуалап алды»: Абай Асылхан екі баласы бар әйелге қалай үйленгенін айтты

Redaktor

Туған қайын ағасына тұрмысқа шыққан келіншек бар шындықты айтты

Redaktor

«Бай болсам өзім-ақ алып берер едім»: Мақпал Жүнісова Баян Алагөзованы көмектесуге шақырды

Redaktor

Пікір жазу