Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Kaspi Bank банктың басшысы қазақстандық клубтың иесі атанды

Жеңіс ФК

Михаил Ломтадзе елордалық «Жеңіс» футбол клубына инвестиция салып, Астанада әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құруға кірісті.

Академия «Жеңіс» футбол базасында салынады, онда жас таланттар халықаралық стандарт бойынша тегін жаттыға алады.

Менің арманым – Қазақстанда және Англияда ең талантты жас футболшыларды тәрбиелейтін әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын құру. Оқыту толығымен тегін болады, ал спортшылар еліміздің және футболдың отаны – Англияның жетекші мамандарымен жаттыға алады, – деді Михаил Ломтадзе.

«Жеңіс» клубының бас директоры Айдын Қожахмет инвестордың келуін клуб дамуы үшін үлкен мүмкіндік деп бағалады:

Біз футболдың ьолашағы балалардан, инфрақұрылымнан және заманауи әдістемелерден басталады. «Жеңістің» бай тарихы бар, және біз бірлесе отырып, клубтың бұрынғы даңқын қайтара аламыз, сондай-ақ бүкіл қазақстандық футболдың жарқын болашағына үлес қоса аламыз, – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Бас бапкер Магомед Адиев қызметінен кетті

Redaktor

Әлем чемпионатында жеңіліп, халықты кінәлаған боксшыға екі бөлмелі пәтер табысталды

Redaktor

Қазақстан құрамасы сапында Олимпиадаға қатысқан спортшы басқа елге кетіп қалды

Redaktor

Пікір жазу