Португалия құрамасы Дублинде өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу туры аясындағы матчта Ирландиядан 0:2 есебімен жеңілді. Ойын «Авива» стадионында өтті.
Матчтың 17-минутында Трой Пэррот алғашқы голды соғып, Ирландияны алға шығарды. Үзіліске аз қалғанда форвард дубль жасап, командасына сенімді басымдық сыйлады.
Екінші таймда португалиялықтар азшылықта қалды: 59-минутта Криштиану Роналду тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан шығарылды. Бастапқыда арбитр оны сары қағазбен ескерткен, бірақ VAR қарағаннан кейін шешім өзгертіліп, 40 жастағы капитан алаңнан қуылды.
Бес турдан кейін Ирландия 7 ұпай жинап, F тобында үшінші орында тұр, ал Португалия 10 ұпаймен көш бастап келеді.
13 қарашадағы басқа матч нәтижелері:
Армения – Венгрия 0:1
Әзербайжан – Исландия 0:2
Норвегия – Эстония 4:1
Молдова – Италия 0:2
Англия – Сербия 2:0
Андорра – Албания 0:1
Ирландия – Португалия 2:0
Франция – Украина 4:0
