Қоғам қайраткері, жазушы Омар Жәлел мен оның айналасындағы дау жаңа кезеңге өтті. Жас келіншек Ләззат Мырзаш әлеуметтік желідегі парақшасында Омар Жәлелді сотқа беретінін ашық жариялады.
Ол өз жазбасында Жәлелдің балаларға қатысты жауапкершіліктен бас тартқанын алға тартып, мұны заң алдында шешуге ниетті екенін айтты.
Таңертеңнен бері бәріңіз жолдаған Омардың постын оқыдым. Өзіне өзі жауап бере алмағаны үшін, балалары үшін жауапкершіліктен бас тартқаны үшін сотқа беремін деп шештім. Өз балаларын – мен 9 ай көтеріп, толғатып туған ұрпағын – құнсыздандырғаны үшін де сотқа беремін. Биыл маскалар шешілетін жыл! Маған жәрдем бере алатын адвокаттар болса, жекеге жазыңыздар немесе осында белгілеңіздер, – деп жазды Ләззат Мырзаш.
Әлеуметтік желі қолданушылары екі тараптың мәлімдемелерін қызу талқылап, пікірталас күшейе түсті.
