Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Романтик» Шера: Шерхан Қалмырзаның сүйіктісі оның ерекше сыйлығын көрсетті

https://beksports.kz/basty-akparat/romantik-shera-sherhan-kalmyrzanyn-sujiktisi-onyn-erekshe-syjlygyn-korsetti/

Қазақстанның ең танымал футболшыларының бірі, «Қайрат» клубының қақпашысы Шерхан Қалмырза сүйіктісіне жасаған романтикалық тосын сыйымен көпшілікті сүйсіндірді.

Қазақстан құрамасының бұрынғы жұлдызы, «Жетісу» клубының бапкері Самат Смақовтың қызы Самира әлеуметтік желідегі парақшасында футболшы жіберген алып гүл шоғын жариялады.

Фото: instagram.com/samira_smakova/

Самира өз жазбасында: Мен оған мұндай гүлдерді ұнататынымды бір-ақ рет айтқан едім… ол соны ұмытпапты, – деп бөлісті.

 

Гүлмен бірге келген ашықхатта: «Алыста болсам да, ойымдасың. Сүйіспеншілікпен, сенің Шераң», – деген жазу болған.

Әлеуметтік желі қолданушылары жұптың жарасымына тамсанып, пікірлерін қарша боратып жатыр:

«Шера нағыз романтик! Бақытты болыңдар!», «Өте әдемі жұпсыздар», «Керемет сыйлық, қандай мұқият жігіт!»

Айта кетейік, Шерхан Қалмырза қазір Нидерландта Қазақстан U-19 құрамасымен бірге Еуро-2026 іріктеу ойындарында жүр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Ташкентте Өзбекстаннан реванш алды

Redaktor

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында ең жылдам ойыншылардың қатарына енді

Redaktor

World Boxing: Өзбекстан бокста Қазақстаннан басымдық танытып отыр

Redaktor