Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Бельгиялық басылым Темірлан Анарбековті аңыз қақпашылармен салыстырды

ҚФФ

Бельгиялық Le Soir басылымы Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековтің Бельгиямен өткен (1:1) ойында тамаша өнер көрсеткенін атап өтті.

Дегенмен, мақалада «Қайрат» қақпашысының кейде қақпадан шығу кезінде қателіктер жібергені де айтылды.

«1991 жылы КСРО тарағаннан бері біраз уақыт өтті, бірақ бұрынғы кеңестік республикалардан шыққан кейбір қақпашылардың ерекше ойыны әрдайым Лев Яшин немесе Ринат Дасаевты еске түсіреді. Ал сіздің атыңыз Темірлан болса – яғни «темір қолбасшы» дегенді білдіреді – сіз көлеңкеде қалмауға тиіссіз. Кей сәттерде шатасқанымен, Темірлан Анарбеков қақпада сенімді өнер көрсетіп, қарсыластарды дүрбелеңге салды. Ол ойында 8 маңызды сейв жасап, күтілетін гол көрсеткішінен жоғары нәтиже көрсетті», — делінген мақалада.

Ұқсас жаңалықтар

Асланбек Шымбергенов: Олимпиада алтынын алуға бар күшімді саламын

Redaktor

Күйеуіме ақшасын өзім төлеп, екі рет Меккеге жібердім – Дариға Бадықова

Redaktor

Португалия мен Өзбекстан құрамасы арасындағы матчтың қашан өтетіні белгілі болды

Redaktor

Пікір жазу