Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Арман Дүйсеновтің ұлымының өлімінде күмәнді жақтары өте көп — заңгер

Әлеуметтік желі

Белгілі заңгер Мейірман Шекеев композитор Арман Дүйсеновтың жары Айсұлу Айданқызына құқықтық қолдау көрсететінін хабарлады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Шекеевтің айтуынша, Айсұлумен сөйлескеннен кейін істің бірнеше күмәнді тұстары анықталған.

«Алдымен жолдасы Арманның, артынша баласы Абылайдың қазасы, енді міне соттың отбасы мүшелерін үйден шығару туралы шешімі… Маған ұсынылған құжаттарды зерделей отырып, бұл істің күмәнді жақтары өте көп екенін аңғардым. Бір отбасыға мұндай ауыртпашылықтың қатарынан түсуі – өте ауыр жағдай. Осындай кезде кеше жанында болған жақындар алыстап, адам көп жағдайда жалғыз қала беретіні бар. Дегенмен, Айсұлу ханымды қарапайым халық жалғыз қалдырмайық», – деді заңгер.

Айта кетейік, Арман Дүйсеновтің отбасы соңғы айларда бірнеше ауыр жағдайды бастан өткерген. Қоғам өкілдері мен желі қолданушылары бұл іске белсенді назар аударып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің соңғы хаттарын жариялады

Redaktor

Тұрсынбектің екінші әйелі үшінші баласына аяғы ауыр – желі қолданушысы

Redaktor

Туған қайын ағасына тұрмысқа шыққан келіншек бар шындықты айтты

Redaktor

Пікір жазу