Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Астанада қаза тапқан фельдшердің жұбайы жүрек тебірентерлік жазба жариялады

Фото: instagram@zeineladilet

Астанада жаралы адамды құтқармақ болып көз жұмған жас фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы ел жүрегін елжіреткен жазба қалдырды. Дәрігер Әділет Зейнел өзі мен отбасына жанашырлық танытқан халыққа алғыс айтып, тергеудің әділ жүргізілуін сұрады.

Қара жамылған жұбайы адал жарын еске алып, жүрекке ауыр тиген сөздер жазды:

«Шаңырағыма сән, тіршілігіме мән болдың… Маңдайыма сыймадың ба, періштем, сен менің мәңгі жүрегімдесің», – деді ол.

Әділет Зейнел қайғыдан қан жұтып отырса да, ендігі тілегі – әділдік.

«Ешқандай медаль да, ешқандай сөз де менің жүрегімнің иесін қайтара алмайды. Үйіме нұр, құт, береке әкелген адал жарымның тілеуін тілеген бүкіл қазақ еліне алғыс айтамын. Осы күнге дейін Алладан жүрегімді аман алып қалуын сұрап, жанында дұға еттім. Енді тек соттың әділ өтуін, тергеудің таза жүргізілуін қалаймын. Құдай қосқан қосағымның жаны тыныш болуы үшін істі соңына дейін жеткізуім керек. Жауаптылар жазасын алуы тиіс!» – деп жазды ол.

Қайғылы оқиға туралы

Кеше ауыр жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан өмір үшін күресте жеңіліп, ауруханада көз жұмды. Марқұм ерлігі үшін мемлекеттік наградамен марапатталды.

Еске салайық, 8 қараша күні Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында тұрғын үйдің қасбеті мен кондиционері опырылып түсіп, бес адам жараланған. Сол сәтте зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп жатқан фельдшер Ұлдананың үстіне екінші қабаттағы кондиционер құлап кеткен.

Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Адасқандық!»: Қарақат Әбілдина Тұрсынбек пен Мөлдір дауына пікір білдірді

Redaktor

Мария Мудряк «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

Redaktor

Әнші Бүркіттің қарындасы өзіне қандай ер азаматтар ұнайтынын ашық айтты

Redaktor

Пікір жазу