Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Димаш Мұхтар Шахановтың үйіне көңіл айтуға барды

Фото: facebook.com/Берік Ағыбаев

Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген ақын Мұхтар Шахановтың үйіне арнайы барып, ұлы Қуаныш Мұхтарұлының мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты.

Бұл туралы қоғам белсендісі Берік Ағыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, Димаш Құдайбергеннің әрекетін көрегенділікке теңеді.

«Бүгін халықтың аяулы ұлы, Қазақстанның Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген белгілі ақын, Еңбек Ері, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына байланысты арнайы келіп, көңіл айтуын жеткізді. Қайғысына ортақтасып, жүрегіне жазылмас жара салған бұл ауыр күнде ағамыздың шаңырағында құран бағыштағанының өзі бір көрегенділік», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден озғаны хабарланған еді. Ал 2021 жылы Мұхтар Шахановтың тағы бір ұлы Рауан Шаханов өмірден өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Енем бізді ажырастырып жіберді — танымал актриса

Redaktor

Үкімет сыйлық жасап, 7 мың адамға үй бермекші

Redaktor

Олжас Абай: Қыз туса да, ұл туса да – ол Құдайдың бергені

Redaktor