Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Бейбіт Сейдуалиеваның тойдағы сөзі сынға ұшырады: Өнер иесінің даусы желіде талқыға түсті

Фото: Видеодан скрин

Белгілі әнші Тоқтар Серіктің 50 жас мерейтойы өткен аптаның басты шоуларының бірі болды. Алайда тойда сөз сөйлеп, күйеуіне тілек арнаған жары Бейбіт Сейдуалиева әлеуметтік желі қолданушыларының сынына қалды.

Мерейтойда қонақтарға алғыс айтып, күйеуіне жүрекжарды тілегін жеткізген Бейбіт Сейдуалиева сөзінің соңында сазды сәлем жолдап, шағын ән айтып берді. Дегенмен, дәл осы сәт көпшіліктің назарын аударып, сынның астына түсті.

Көрермендер өнер иесінің даусы бұрынғыдай емес екенін айтып, түрлі пікір білдіруде:

«Даусы бітіп қалыпты», «Шәңкілдеп тұр ғой», «Мұрнымен сөйлеп жатқан сияқты», «Ән айтпай-ақ қойғаны дұрыс еді», «Әдемі сөз айтты, бірақ әні өтпеді».

Кейбір қолданушылар тіпті әншінің денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, дауысқа қатысты белгісіз мәселелер болуы мүмкін екенін атап өтті.

Өнер иесі мерейтой иесі Тоқтар туралы:

«Тоқтар – халықтың адамы. Аман жүрсін! Бұл – біздің көптен күткен қуанышымыз. Өнерде қол ұстасып келе жатқанымызға шүкір», – деп ағынан жарылды.

Алайда дәл осы эмоционалды сәтті аяқтаған сазды сәлемі жұртқа мүлде ұнамай қалған сыңайлы.

Тоқтар мен Бейбіт жұбы ел арасында үнемі көп талқыланатын танымал отбасылардың қатарында. Бұл жолы да желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды: бірі әншіні сынаса, енді бірі көп жылдан бері өнерде жүрген жұпты қорғап, тойдағы бір сәт үшін қатты сынның қажеті жоқ екенін айтуда.

Ұқсас жаңалықтар

 Роза Рымбаева екінші рет тұрмыс құрмау себебін ашып айтты

Redaktor

«Сырқатына қарамастан сахнаға шықты»: Димаш Құдайберген 40 градус қызумен концерт өткізген

Redaktor

Өзбекстанға жақын жерден арнайы іздедім — Айдар Тұрғанбек

Redaktor

Пікір жазу