Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Сүйінші хабар! Қазақстандық жас теннисші ITF турниріндегі алғашқы жеке жеңісіне жетті

ҚТФ

Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өткен ITF M15 санатындағы халықаралық турнирде топ жарып, мансабындағы алғашқы жеке титулын иеленді.

Финалда ол әлемдік рейтингіде 824-орында тұрған германиялық Макс Шонхаусты 6:3, 3:6, 6:4 есебімен айқын жеңді. Тартысты өткен кездесуде Омарханов шешуші сәттерде сабырлық танытып, матчты өз пайдасына аяқтай алды.

Бұл жетістікке жету жолында Әмір турнирдің екінші, алтыншы, жетінші және сегізінші нөмірлі ракеткаларын жеңіп, жоғары деңгейдегі ойын көрсеткен.

Айта кетейік, Макс Шонхаус – ITF Juniors рейтингінде әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы әрі өткен аптада Тунисте өткен ITF M25 турнирінің чемпионы.

Осылайша, бұл жеңіс – Омархановтың кәсіби мансабындағы жекелей сында иеленген алғашқы атағы. Әмір – Қарағанды теннис мектебінің түлегі, бұрын Петр Нестеровтың қоластында жаттыққан.

Қазіргі уақытта ол әлемдегі үздік теннис академияларының бірі саналатын Риккардо Пьятти академиясында шеберлігін жетілдіріп жүр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ баласы жүзу спортынан алтын алды

Redaktor

Ұлттар лигасында әйелдер құрамасы екінші рет жеңіске жетті

Redaktor

Төрехан Сабырхан Еуразия кубогінің жартылай финалына шықты

Redaktor

Пікір жазу