Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Абай Бегейдің құдағыйының бесікке салу рәсімі желіде сынға ұшырады

Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Абай Бегейдің Сымбат есімді қызының құдағиы немересін бесікке саламын деген ниетпен жасаған рәсімі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің сынына қалды.

Желіде тараған бейнежазбада әулеттің әйелдері бесікке жатқан нәрестенің үстіне алыс-жақыннан келген қонақтардың сырт киімдерін жауып жатқаны көрінеді. Бейнежазбада Абайдың құдағыйы: «Осы кісілердің барлық қасиеті баламызға жұғыссын» деп ырым жасайды. Одан кейін жасы үлкен әжей түрлі тілектер айтып, баланы айналдырып тағы бір салтты орындайды.

Алайда бұл көрініс көпшіліктің көңілінен шықпады. Әлеуметтік желі қолданушылары дәстүрдің бұрмаланғанын, рәсімнің дұрыс орындалмағанын айтып, түрлі пікір қалдырды:

«Жаңа туған баланы бірден бесікке салып тастайды екен, тым асығыс қой», «Бізде қырқынан шыққанда ғана бесікке салатын», «Бұрын бесікке үкі не қамшы ілетін, қазір қолдан жасалған дәстүр көбейіп кетті», «Бесікті бұлай айналдырмайды», «Бала тұншығып қала жаздады ғой».

Көпшілік бұл рәсімде қауіпсіздік ережелері сақталмағанын айтып, сәбидің үстіне сырт киім жабу дұрыс емес екенін ерекше атап өтті.

Оқиға желіде кең таралып, дәстүрді орындаудың мәні мен тәртібі туралы үлкен пікірталас тудырды.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада қаза тапқан фельдшердің жұбайы жүрек тебірентерлік жазба жариялады

Redaktor

Тоқтар Серіков желіде әсерлі жазба жариялады

Redaktor

Атақ үшін 5 мың доллар сұрады — Алмат Сақатов

Redaktor

Пікір жазу