Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Англия футболында ерекше қызыл қағаз көрсетілді

Ағылшын Премьер-лигасының кезекті турындағы «Манчестер Юнайтед» пен «Эвертон» арасындағы матчта футбол әлемінде сирек кездесетін оқиға тіркелді.

Ойынның 10-минутында «Эвертон» капитаны Шеймус Коулман жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Капитансыз қалған командада күтпеген жанжал орын алды.

13-минутта «МЮ» шабуылы кезінде «Эвертон» жартылай қорғаушысы Идрисса Гуйе допты тартып алып, қорғаушы Майкл Кинге пас шығарды. Алайда ол пасты түсінбей, қабылдай алмады. Осы сәтті пайдаланған Бруну Фернандеш қауіпті соққы жасап үлгерді.

Ойын эпизодынан кейін Майкл Кин командаласының айып алаңында тәуекелге барғанын айтып, ашық сын айтты. Бұған ашуланған Идрисса Гуйе әріптесіне тап беріп, бетіне шапалақпен ұрды. Оқиғаға жақын тұрған бас төреші Тони Харрингтон еш кідірместен оған тікелей қызыл қағаз көрсетті.

Гуйе алаңнан кеткісі келмей, қайтадан Кинге ұмтылмақ болды. Дегенмен жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін қақпашы Джордан Пикфорд пен жартылай қорғаушы Илиман Ндиайе араласып, жанжалды тоқтатты. Осыдан кейін ғана футболшы алаңнан шығарылды.

Алаңда бір ойыншысы кем қалғанына қарамастан, «Эвертон» матчты 1:0 есебімен жеңіспен аяқтады.

Ұқсас жаңалықтар

Данияр Елеусіновтің рингке оралу күні белгілі болды

Redaktor

Әли Әлиев: 20 миллион халық тұрғанда ақша маңызды емес

Redaktor

Дэвис кубогы: Юрий Щукин дайындық туралы айтты

Redaktor

Пікір жазу