Жақында продюсердің екі келіні де сәбилі болды. Бірінші болып Жұлдыз Әбдукәрімова қыз бала дүниеге әкелсе, Заңғар Нұртастың әйелі Индира ұл бала босанды.
Әлеуметтік желі қолданушылары продюсердің немерелерін бөліп-жаратынын айтып, оны сынға алды. Пікірлерде «Қызық, Жұлдыз босанғанда құттықтамадың, осы жолы қасында жүр», «Той тойлап, жұрттың шашбауын көтергенше, өз шашбауыңызды көтеріп бармайсыз ба?», «Келініңізді құттықтап бармайсыз ба, сіздің ұрпағыңызды жалғастырып отыр емес пе?», деп жазып жатыр.
Гүлзира Айдарбекова өз кезегінде кенже келінінің алғаш рет ана атанып отырғанын, тәжірибесі жоқ екенін атап өтті:
Қазір бәрі салыстырып жатыр. Заңғар мен Индира алғаш рет ата-ана болды, ал Қайрат пен Жұлдыздың бесінші перзенті. Индира жаңа түскен келін, бірінші бала әрдайым өзгеше болады. Ал Жұлдыз бәрін үйреніп қойған әйел, – деді продюсер.
