Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріБасты ақпаратЖаңалықтар

Тағы бір федерация тізгінін шетелдік маман ұстады

Александр Апайчевтың жеке архивінен

Астанада Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының жиыны өтіп, ұлттық құраманың жаңа кеңесші-бапкері тағайындалды.

Бұл қызметке украиналық маман Александр Апайчев бекітілді. Ол ұлттық құраманың бас бапкері міндетін қатар атқарады. Александр Апайчев 1961 жылы 6 мамырда Украинада дүниеге келген.

Ол ұзақ жылдар бойы жеңіл атлетикадан КСРО командасының атынан сынға түсіп, кейін Украина және Катар құрамаларын жаттықтырған.

Бапкер ретінде Олимпиада, әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген тәжірибелі маман.

Жиын барысында жаңа бапкер Қазақстан құрамасының алдағы жаттығу жоспарын таныстырды. Негізгі мақсат – 2026 жылғы жазғы Азия ойындары мен 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына жүйелі әрі сапалы дайындық жүргізу. Қазіргі уақытта ұлттық құрамамыз Астанада оқу-жаттығу жиынын бастап кеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Ат спортынан елорда төрінде дәстүрлі қалалық жарыс басталды

Redaktor

Биыл кім «Қазақстан Барысы» атанады?

Redaktor

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып сайланды

Redaktor

Пікір жазу