Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Бес гол соғылған ойында «Қайрат» «Копенгагеннен» жеңілді

"Қайрат" ФК

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бесінші турында «Қайрат» сырт алаңда Данияның «Копенгаген» командасымен кездесті

Алғашқы минуттардан-ақ алаң иелері ойынды өз бақылауына алуға тырысты. Олар көбірек шабуылдап, гол соғатын мүмкіндік іздеді. Осындай сәттердің бірінде 26-минутта Виктор Дадасон есеп ашты.

Екінші таймда да «Копенгаген» шабуылшыл ойын үлгісін жалғастырды. 59-минутта белгіленген пенальтиді Джордан Ларссон сәтті орындады. Ал 73-минутта Роберт Скутч гол соғып, есеп айырмасын ұлғайтты.

Соған қарамастан, алматылық команда ойын соңына қарай қарқын қосып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсті. 81-минутта Дастан Сәтпаев даниялық қақпашының қателігін пайдаланып, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы голын соқты. 90-минутта Олжас Байбек мергендік танытып, есепті қысқартты. Алайда бұл «Қайратты» жеңілістен құтқара алмады – 2:3.

Енді қазақстандық клуб келесі ойынын 9 желтоқсанда Астанада Грекияның «Олимпиакос», ал 2026 жылдың 20 қаңтарында Бельгияның «Брюгге» командасына қарсы өткізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Футболшы болып қалыптасуыма әкемнің қосқан үлесі ұшан-теңіз — Жан Әли Пайруз

Redaktor

«Өзбек боксының үрейіне» айналған қазақстандық боксшы қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Redaktor

Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды

Redaktor

Пікір жазу