Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында тағы бір тарихи нәтиже тіркеді

"Қайрат" ФК

«Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев UEFA Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылардың алғашқы үштігіне кіргені белгілі болды.

Бүгін негізгі кезеңнің бесінші турында ол ойынның 81-минутында Данияның «Копенгаген» командасының қақпасына гол соқты. Осылайша, 17 жас 105 күнінде мергендік танытып, Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар қатарына қосылды.

Бұл тізімнің көш басында испаниялық Ансу Фати тұр. Ол 2019 жылы «Барселона» сапында өнер көрсетіп жүрген кезінде, Италияның «Интер» клубының қақпасына гол соққанда небәрі 17 жас 40 күн болған. Екінші орында «Барселонаның» тағы бір жас жұлдызы Ламин Ямаль (17 жас, 68 күн) орналасқан. Ол 2024 жылы «Монако» командасына қарсы ойында мерген атанған.

Бұған дейін үздік үштікті бельгиялық «Антверпен» ойыншысы Джордж Иленихена түйіндеп тұрған еді. Ол «Барселона» қақпасына гол соққан кезде 17 жас 119 күн болған.

Айта кетейік, бүгін Чемпиондар лигасының бесінші турында «Қайрат» сырт алаңда «Копенгагенге» 2:3 есебімен жол берді.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық спорт қауымдастығы тағы бір федерациямен толықты

Redaktor

Бауыржан Исламхан жарақатынан кейін операция жасады

Redaktor

Бокстан Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды

Redaktor

Пікір жазу