Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

«Маған әр қазақ қымбат!»: Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында маңызды үндеу жасады

әлеуметтік желі

Кәсіпқой бокстың орта салмағындағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы қазақ жастарына маңызды үндеу жасады.

Әлем чемпионаты белбеуі үшін кубалық Эрисланди Ларамен өтетін жекпе-жек алдында Жәнібек Әлімханұлы отандастарына құмар ойындарға берілмеуді ескертті. Ол жастарды ойындарға бәс тігу сияқты әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Маған әр қазақ қымбат! Ешқайсының шаңырағы шайқалмаса екен деймін! Жастарды құмар ойын ойнамауға, менің жекпе-жегіме бәс (ставка) тікпеуге шақырамын!, — деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly)


Спортшы өз мәлімдемесінде құмар ойындардың тек жеке адамның ғана емес, отбасына да ауыр салдары болатынын атап өтті және жастардың бұл жолға бармауын ескертті.

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстан 300 мың доллар беретін әлем чемпионатына мықтыларын қатыстырады

Redaktor

Дубайға барған 40-тан астам теннисші елден шыға алмай отыр

Redaktor

Сәкен мен Махмұдтың теке-тіресі жалғасады: Сәкен Бибосынов маңызды жеңісіне қол жеткізді

Redaktor