Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Фото: qazsporttv.kz

Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының командасы спортшыға қатысты қозғалған допинг дауына байланысты ресми мәлімдеме жариялады. Команда өкілдерінің айтуынша, жағдайдың нақты мән-жайы алдағы күндері анықталып, жанкүйерлерге толық ақпарат беріледі.

Қолдауларыңызға рақмет, шын жанкүйерлер! Бұйыртса, бұл да артта қалады. Бұрын салмақ жасай алмай қалған кезде де біраз адам күмәнданған еді. Кейін олардың өзі жанкүйерге айналды. Ол қиындық артта қалды. Бұл допинг дауы да шешіледі! Біздің команда – ең мықты команда! Біз әлі талай әлемді қазақша сөйлетеміз! Біз әлі талай жастарға “құмар ойнама” деп айтамыз! Біз әлі талай туды желбіретеміз! Біздің мақсат айқын, ол мақсаттан бізді ешқандай қиындық тайдыра алмайды, – делінген мәлімдемеде.

 Команда өкілдері сын-ескертпелерге назар аудармауға шақырып, допингке қатысты күмәннің бәрі сейілетініне сенімді екенін жеткізді.

 Сынап жатқан адамдарға мән бермеңіздер! Ондайлар бұрыннан бар, төрт титул алған кезде де болған. Біз тек алға жүреміз! Амандықта жүздесейік! Ең бастысы – біз тазамыз! Бізден ешқандай кінә де, қателік те кеткен жоқ! Бәрі бұрынғы витаминдер, бұрынғы мәзір. Қазір анализдің екінші үлгісін ашуға өтініш берілді. Жауабын күтеміз, – деп жазды Жәнібектің командасы.

Ұқсас жаңалықтар

Кирилл Герасименко Олимпиадада жеңілген спортшыдан есе қайтарды

Redaktor

Қуанышты жаңалық! Отандық маман ресейлік ТОП клубтың жаттықтырушысы атанды

Redaktor

Баскетболшы жастар бақ сынады

admin_beksports

Пікір жазу