Дубайда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін 1/8 финалдық жекпе-жектер жалғасады. Бұл кезеңде Қазақстан құрамасының алты өкілі шаршы алаңға шығып, ширек финал жолдамасы үшін сынға түседі. Күндізгі сессия сағат 18:00-де басталса, кешкі жекпе-жектер 22:00-ден кейін өтеді.
Қазақстан боксшыларының бүгінгі айқастары:
18:30 | 54 кг
Сәкен Бибосынов – Факи Исса Факи (Танзания)
19:45 | 63,5 кг
Ертуған Зейнуллинов – Хосе Мануэль Агуйре Круз (IBA-PRO)
20:15 | 86 кг
Дәулет Төлемісов – Акмалжон Исроилов (Өзбекстан)
22:30 | 51 кг
Даниял Сәбит – Леник Фернандес (Кабо-Верде)
23:00 | 57 кг
Оразбек Асылқұлов – Мукело Дламини (Эсватини)
00:45 | 71 кг
Абылайхан Жүсіпов – Александр Родионов (Беларусь)
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының бес боксшысы жарыстың ширек финалына жолдама алып үлгерді. Олар – Теміртас Жүсіпов (48 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (67 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг) және Нұрлан Сапарбай (92+ кг).
