Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Алтынай Жорабаева күйеуінің жылына екі рет бриллиант сыйлайтынын айтты

Фото: әлеуметтік желі

Әнші Алтынай Жорабаева жұбайының өзіне көрсететін ерекше қамқорлығы мен сыйлығына қатысты қызықты мәліметпен бөлісті,.

Ол Instagram-парақшасында күйеуінің сыйлық беруі отбасылық дәстүрге айналғанын атап өтті.

— «Дәстүр бойынша телефон және бриллиант. Рахмет, жаным. Сүйемін», — дейді видеода өнер иесі.

Алтынай Жорабаеваның айтуынша, жұбайы оған әрдайым ерекше көңіл бөліп, түрлі сыйлықтар жасап тұрады.

— «Менің жәннатымның дәстүріне айналған дағдысы: мені 9 тал гүлмен әуежайдан күтіп алу, туған күніме ұялы телефон сыйлау, жылына екі рет бриллиант әшекей беру, қыздарға телефон, ноутбук, құлаққап, планшет сыйлау. Сондай-ақ өз анасы мен бауырларына және менің ата-анама ұялы телефон сыйлау — қанына сіңген дағдысы. Сендей жанды жолықтырғаныма Аллаға шүкір», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Жорабаеваның бақытын бөлісіп, отбасына жылы пікірлер қалдыруда.

Ұқсас жаңалықтар

Меруертке бәріміздің көзіміз түсті – Асанәлі Әшімов

Redaktor

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз туралы сынға жауап берді: «Оның аяқ-қолын ешкім байлап отырған жоқ»

Redaktor

«Студияда емес!» Арман Дүйсеновтің қазасына қатысты жаңа мәлімет шықты

Redaktor