Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Жұлдыз Әбдукәрімова тойда күйеуінен бұрын тілек айтып, сынға ұшырады

Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова әулетіндегі үлкен қуанышпен бөлісті.

Өнер иесінің туған інісі шаңырақ көтеріп, қолына қондырған. Айтулы отбасылық тойға Қайрат Нұртас пен оның әкесі Нұртас Айдарбеков те арнайы қатысқан.

Алайда той барысында айтылған тілек көпшіліктің назарын аудартты. Жұлдыз Әбдукәрімова тілек айту кезінде күйеуі Қайрат Нұртастан бұрын сөз сөйлеп, желі қолданушыларының сынына ұшырады. Көпшілік оның бұл әрекетін ер адамға деген құрметтің болмауы деп бағалаған.

Желіде тараған видео астына оқырмандар түрлі пікір қалдырды.

«Бәріміздің ойымыз бір жерден шықты. Қайрат бірінші сөйлеу керек еді», «Бірінші ер адам сөйлейді», «Еркегін сыйламайды», «Қайратты менсінбейді», «Неге еркектің алдын орайсың»,«Қайраттың пультін алып алыпты», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, аталған жағдайға қатысты Жұлдыз Әбдукәрімова әзірге пікір білдірген жоқ.

@kz.zhibek♬ The Southern Darkness (STEM beat) — Sounds of Red Bull / BMGPM

Ұқсас жаңалықтар

«Адасқандық!»: Қарақат Әбілдина Тұрсынбек пен Мөлдір дауына пікір білдірді

Redaktor

Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің соңғы хаттарын жариялады

Redaktor

«Кеудеме өксік тығылды»: Азамат Сатыбалды Асанәлі Әшімовті есіне алды

Redaktor