Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Елімізде 12 мың орындық жаңа футбол стадионы салынады

©depositphotos.com

Қарағанды қаласында жаңа футбол стадионының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев баспасөз конференциясында хабарлады.

Әкімнің айтуынша, 12 мың көрерменге арналған. Сонымен қатар өңірдегі футбол инфрақұрылымын жаңарту жоспары да жүзеге асырылуда.

«Мақсат – кәсіби мамандармен бірлесе отырып, заманауи инфрақұрылым жасау. Қазіргі уақытта 1956 жылы салынған ескі стадионды реконструкциялап жатырмыз. Былтырдан бастап алаңды жөндеп, трибуналар астын және барлық инфрақұрылымды жаңарттық. Енді 12 мың орындық жаңа жабық стадион жобасын дайындап жатырмыз. Ол Майқұдық пен Шығыс аудандарының арасындағы спорт кластерінде орналасады», – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстан мен Қырғызстан Орталық Азиядағы ең ірі стадион құрылысына кірісті: Қазақстан ше?

Redaktor

World Boxing: қазақстандық екі боксшы жарыстың алғашқы кезеңінде өзбек спортшыларымен кездеседі

Redaktor

Олимпиадада Қазақстан туын ұстап шықпақ болған шорт-трекші Миланда ұятқа қалды

Redaktor