Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Ресей теннисшілері жаппай Өзбекстан азаматтығын алып жатыр

Полина Кудерметова Фото: Clive Brunskill/Getty Images

Ресейлік теннисші Полина Кудерметова спорттық азаматтығын өзгертіп, енді Өзбекстан атынан өнер көрсетеді. Бұған дейін бірнеше ресейлік теннисші де Өзбекстан азаматтығын алған болатын.

Халықаралық теннис федерациясының (ITF) ресми сайтында Кудерметованың профилінде ол Өзбекстан өкілі ретінде көрсетілген. Дегенмен спортшы бұл өзгерісті ресми түрде жариялаған жоқ.

Қазіргі таңда 22 жастағы Кудерметова WTA рейтингінде 104-орында тұр. Ол Ресей атынан ірі халықаралық турнирлерге қатыспаған, бірақ енді Өзбекстан атынан Олимпиада мен командалық әлем чемпионаты – Billie Jean King Cup жарысына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Бұған дейін Камилла Раимова мен Мария Тимофеева да спорттық азаматтығын Өзбекстанға ауыстырған. Сонымен қатар 15 жастағы Александра Бармичева да Өзбекстан атынан өнер көрсетіп, W15 Tashkent 2025 турнирінде ең жас қатысушы атанды.

Ұқсас жаңалықтар

«Барыс» қатарынан екінші жеңіске жетті

Redaktor

Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Ресей құрамасының боксшылары белгілі болды

Redaktor

ФИФА рейтингі: Қазақстан 115-орыннан қозғалмады, Өзбекстан ТОП-50 қатарына енді

Redaktor

Пікір жазу