Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Бибігүл Төлегенова ізбасарын ерекше мақтады

Фото: dimashnews.com

Бүгін КСРО және ҚР халық әртісі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованың туған күні. Атақты өнер иесі 96 жасқа толды.

Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. 1951-1971 жылдары Қазақ радиосының, Қазақ мемлекеттік филармониясының әнші-солисі, 1971-1979 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әнші-солисі, 1979 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы вокал кафедрасының профессоры болды.

Әншінің репертуарында қазақтың халық әндері, Қазақстан композиторларының шығармалары бар. Өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді.

Бибігүл Төлегенова жастардан Димаш Құдайбергеннің өнерін ерекше бағалайды.

«Мен, біріншіден, Димаш Құдайбергенге мың да бір рахмет айтамын. Бүкіл жер жүзін аузына қаратқан, қазақ үніне телмірткен адамға бас июіміз керек. Жас болса да бізден жолы үлкен. Ешбір әншіміз дәл ондай жетістікке жетіп көрген жоқ. Өйткені Димаштың өзінің харизмасы бар. Сахнаға шыққанда өте бір қуатты энергиясы бар. Ол айтатын әндердің мәнін түсіну үшін табынушылары қазақтың тілін үйреніп жатыр. Соның өзі үлкен дәреже ғой. Бірде маған бір өзің сияқты тілші келіп Қайрат Нұртас деген әнші мен Димаштың қайсысы шын өнерпаз деген сұрақ қойды. Мен оған Димаш әнші, ал Қайрат сияқтылар орындаушы екенін айттым. Журналист Димашты санаулы адам тыңдайтынын, ал Қайрат Нұртастың әніне бүкіл жастар билейтінін айтып қарсы уәж келтірді. Димаш пен эстрадада жүрген Қайраттардың арасы жер мен көктей дедім. Димаш – көкте, Қайрат сияқтылар жерде», – дейді әнші.

Ұқсас жаңалықтар

Арман Дүйсеновтің жары президенттен көмек сұрады

Redaktor

Тұрсынбек Қабатовтың жас жары туралы видео желіде қызу талқылануда

Redaktor

Гүлзира Айдарбекованың құдағиының әрекеті сынға ұшырады

Redaktor

Пікір жазу