Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Сауль Альваресті жеңген Теренс Кроуфорд мансабын аяқтады

©IMAGO / Hoganphotos

Бокстан әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы, америкалық Теренс Кроуфорд кәсіпқой мансабын аяқтағанын мәлімдеді. 38 жастағы боксшы бұл туралы Instagram парақшасында рингке ілінген қолғаптардың суретін жариялау арқылы хабарлады.

Дәлелдейтін ештеңесі қалмаған ұлы боксшы ретінде кетіп барамын, – деп жазды Кроуфорд.

Сондай-ақ ол YouTube арнасында арнайы бейнеүндеу жасап, бокстағы жолына тоқталып, жеңіліссіз өткен карьерасына нүкте қойғанын айтты. Оның сөзінше, бұл шешім шаршаудан емес, өз жолын толық өткенімен байланысты.

Мен белбеу, ақша немесе атақ үшін емес, бүкіл әлем сенен күмәнданса да, қайта-қайта рингке шығып, олардың қателескенін дәлелдеу үшін жұдырықтастым. Бұл спорт маған бәрін берді. Мен отбасым, туған қалам және бір кездері тек арманы мен бір жұп қолғапы ғана болған бала үшін күрестім, – деді ол.

Кроуфорд мансабын өз шарттарымен аяқтап отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл қоштасу емес, өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы.

Сонымен қатар боксшы өз мұрасына да тоқталды. Ол кәсіпқой рингте 42 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, әлемнің үш дүркін абсолют чемпионы атанды және бес салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеуді иеленді.

Бұл бокспен қоштасу емес – бұл алғыс. Қолғап шешілді, бірақ мұра мәңгі. Тарих ешқашан зейнетке шықпайды, – деп түйіндеді Теренс Кроуфорд.

Ұқсас жаңалықтар

Сәкен Бибосынов неге жеңілді? Айтжанов себебін түсіндірді

Redaktor

Англиялық үш жанкүйер Еуро-2024 турнирінің финалына барғаны үшін жұмыстан қуылды

Redaktor

Жәнібек Әлімханұлы мен қасында жүрген адамдарды түрмеге қамауды ұсынды

Redaktor