Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Қазақ футболшысының екі голы «Левантеге» маңызды жеңіс сыйлады

Фото: instagram.com/aldiyar_nurgali

Қазақстандық жас шабуылшы Алдияр Нұрғали Испаниядағы жастар чемпионатында нәтижелі ойынын жалғастырып келеді. Бұл жолы ол «Эльченің» жастар командасына қарсы кездесуде дубль авторы атанып, «Левантеге» маңызды жеңіс сыйлады.

Asnews.kz дерегінше, Испанияның U19 санатындағы Хувениль чемпионаты аясында өткен матчта 17 жастағы «Қайрат» түлегі 18 және 67-минуттарда қарсылас қақпасын дәл көздеді. Нәтижесінде «Леванте» жастары кездесуді 2:1 есебімен өз пайдасына шешті.

Бұл Алдияр Нұрғалидің биылғы маусымдағы алғашқы голы емес. Бұған дейін ол «Кастельон», «Талавера» және «Сан-Висенте» командаларына қарсы ойындарда да мергендігімен көзге түскен. Сонымен қатар жас футболшы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының негізгі ойыншыларының бірі. Еуро-2026 іріктеу кезеңінде командаға айтарлықтай үлес қосты.

Айта кетейік, «Леванте» клубының жүйесінде тағы бір қазақстандық футболшы – қорғаушы Шыңғыс Қалиев те өнер көрсетіп жүр. Сондай-ақ бұған дейін Алдияр Нұрғалидің «Леванте» клубының екінші құрамымен келісімшартқа қол қоюы мүмкін екені хабарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Александр Заруцкий «Қайраттан» кетті

Redaktor

Қазақстан құрамасы сапында Олимпиадаға қатысқан спортшы басқа елге кетіп қалды

Redaktor

Қазақстандағы төрешілікті португалиялық маман басқарады

Redaktor

Пікір жазу