Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Қысқы Олимпиадаға баратын отандық конькишілер белгілі болды

Туризм және спорт министрлігі

Конькимен жүгіруден 14 қараша мен 14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 лицензия жеңіп алды. Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада конькимен жүгіруден ел намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болды:

  • Евгений Кошкин
  • Кристина Силаева
  • Елизавета Голубева
  • Надежда Морозова
  • Арина Ильященко

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанау спортынан Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында олимпиадалық нормативті орындап, екі жолдама жеңіп алған еді. Сонымен қатар отандық шорт-трекшілер ел қоржынына тағы 9 жолдама салды. Бапкерлер құрамының шешімімен Миланда Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан бақ сынайды. Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың үш түрінен 23 лицензия бар.

Олимпиадаға арналған нақты лицензия саны 2026 жылғы қаңтар айының соңында белгілі болады. XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы үшінші белбеу үшін жекпе-жек өткізеді: кездесу уақыты белгілі

Redaktor

Кезінде болашағынан көп үміт күттірген футболшы «Атырауға» ауысты

Redaktor

Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Redaktor