Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин 2026 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Оның айтуынша, желтоқсан айында Түркістан облысында өтіп жатқан 21 күндік оқу-жаттығу жиыны спортшылардың жалпы дене дайындығы мен күш-қуатын арттыруға бағытталған.
Бапкер 2026 жылдың басты мақсаты – қыркүйек айында өтетін Азия ойындары екенін атап өтті. Сол себепті жыл бойы жоспарланған барлық турнирлер мен оқу-жаттығу жиындары осы маңызды жарысқа дайындық ретінде қарастырылады.
«Қаңтар айында Алматы облысында кезекті жаттығу жиынын өткіземіз. Бұдан кейін Еуропада ұйымдастырылатын бірқатар халықаралық турнирлерге қатысу жоспарланып отыр», – деді Елдос Сайдалин.
