Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Жазира Байырбекованың видеосы желіде қызу талқыға түсті: келінді «қызым» деу дұрыс па?

Фото: видео скрин

Әнші Жазира Байырбекова әріптесі Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева және оның келінімен бірге түскен видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, көпшіліктің назарын аударды.
Видеода Жазира Динараға ой салатын сұрақ қояды:

«Келінді «келін» деп атау керек пе, әлде «қызым» деу дұрыс па?»

Алайда бұл сұраққа Динара Майғазиева видеода нақты жауап бермейді.

Жарияланған бейнежазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Оқырмандардың пікірі екіге жарылды. Бірі дәстүрлі көзқарасты ұстанып,

«Келінді келін деп атау керек, әркімнің өз орны бар», «Келін ешқашан туған қыздай бола алмайды» десе, енді бірі қазіргі заманға сай көзқарасты қолдап, келінді қызындай қабылдауға болатынын жазды.

Кейбір пікірлерде:

«Қыз деген атаудың өз орны бар, келіннің де өз атауы бар»,, «Келінді бәрі бірдей қызындай көре бермейді» деген ойлар айтылды.

Аталған видео отбасылық қарым-қатынастағы дәстүр мен қазіргі түсініктің ара-жігін көрсетіп, «келін мен қызға қатысты атау қалай болғаны дұрыс?» деген сұрақты қоғам талқысына шығарды. Оқырмандар бұл тақырыпта өз пікірін белсенді түрде бөлісіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Алғабастағы өртте қаза болған келіншектің соңғы видеосы жұртты жылатты

Redaktor

Жас актрисаның Асанәлі Әшімовтің аяғын уқалап отырған видеосы тарады

Redaktor

«Құдай-ау, неткен еркек»: Динара Сәтжан күйеуінің ерекше суретін жариялады

Redaktor

Пікір жазу