Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Өткен күндер көз алдымда»: Асанәлі Әшімовтің қызының жазбасы желіні жылатты

Фото: әлеуметтік желі

КСРО Халық әртісі, қазақ киносы мен театрының абызы Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова әкесіне арналған әсерлі жазбасын әлеуметтік желіде жариялады.

Сағина Әшімованың айтуынша, ол әкесінен қалған архив материалдарын қайта ақтарып, көне газеттерді парақтаған. Әсіресе, кезінде жарық көрген «Экспресс К», «Жас Алаш», «Алматы Ақшамы» басылымдарындағы мақалалар жүрегінде терең сағыныш сезімін оятқан.

«Өткен күндер көз алдыма келді. Әкемнің өмір жолы, оның ізі осы сарғайған парақтарда сақталып қалғандай әсер алдым. Естеліктерді ақтарып отырып, сағынышқа берілдім», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары жазбаның астына жылы пікірлер қалдырып, Асанәлі Әшімовтің қазақ өнеріндегі орны айрықша екенін, ал қызының естелігі көпшіліктің жүрегін елжіреткенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

«Күйеуім ұрып-соқты, шыдап келдім»: Гүлзира Айдарбекова елге айтпаған шындығын жария етті

Redaktor

Асанәлінің бір тал шашын түсірмей, алақанында ұстады

Redaktor

 Роза Рымбаева екінші рет тұрмыс құрмау себебін ашып айтты

Redaktor

Пікір жазу