Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Димаш Құдайберген тыңдармандарын Жаңа жылмен құттықтады

Фото: видеодан скрин

Еліміздің Халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде тыңдармандарына арнап Жаңа жылға орай құттықтау жолдады.

Өнер иесі барша қазақстандықтарға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлеріне ақжарма тілегін арнап, жаңа жылдың әр шаңыраққа қуаныш пен береке әкелуін тіледі.

«Құрметті, ағайын! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Жаңа жыл әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен қуаныш әкелсін!Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жүректеріңізге тыныштық ұялатсын! Барша армандарыңыз орындалып, әр күніңіз шаттық пен шабытқа толы болсын! Жаңа жыл тек жақсы жаңалықтарымен келсін!» — деп жазды әнші.

Димаш Құдайбергеннің бұл құттықтауы желі қолданушылары тарапынан жылы қабылданып, көптеген ізгі тілектер мен лебіздерге ұласты.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқтар Серіков жары Бейбіт Сейдуәлиевамен қалай танысқанын еске алды

Redaktor

Тоқал алсаңдар, мені тірідей көме салыңдар – Гүлзира Айдарбекова

Redaktor

Әлішер Кәрімовке қатысты желіде жаға ұстар дерек тарап жатыр

Redaktor