Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Мөлдір Мұқан Жаңа жылды қонақүйде қарсы алғаны үшін сынға қалды

Фото: видеодан кадр

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, әнші Мөлдір Мұқан Жаңа жыл мерекесін үйінде емес, балаларымен бірге қонақүйде қарсы алғаны үшін желі қолданушыларының сынына ұшырады.

Белгілі болғандай, ол балаларымен бірге Rixos қонақүйіне барған. Бұл шешім әлеуметтік желіде қызу талқыланған соң, блогер сынға қатысты өз пікірін білдірді.

«Rixos бізге екінші үй сияқты. Жаңа жылды үйде емес, осында қарсы аламыз деп келдік. Манты, салат жасап, әбігерге түскенше, демалып, рахаттанайық дедік», — деп түсіндірді Мөлдір Мұқан.

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі блогердің бұл таңдауын қолдап, мерекені жайлы жағдайда қарсы алудың еш айыбы жоқ екенін айтса, енді бірі отбасылық әрі дәстүрлі мейрамды үйде қарсы алу керек деген пікір білдірді.

Осылайша, Мөлдір Мұқанның Жаңа жылды қонақүйде қарсы алуы қоғамда әртүрлі көзқарас тудырып, әлеуметтік желіде кеңінен талқылануда.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Құдай-ау, неткен еркек»: Динара Сәтжан күйеуінің ерекше суретін жариялады

Redaktor

Жұлдыз Әбдукәрімова шетелге кетті

Redaktor

Димаш Құдайберген тыңдармандарын Жаңа жылмен құттықтады

Redaktor