Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Елена Рыбакина испаниялық жұлдыз теннисшінің тас-талқанын шығарды

ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.

Жарыстың үшінші айналымында қазақстандық теннисші испаниялық Паула Бадосаны (WTA рейтингінде 25-орын) 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина үш эйс жасап, бірде-бір қос қателікке жол берген жоқ әрі сегіз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Ширек финалда Елена Чехия өкілі Каролина Мухова мен ресейлік Екатерина Александрова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Ұқсас жаңалықтар

Әлем чемпионатының алғашқы голын кім соқты?

Redaktor

Шавкат Рахмоновтың мансабына қатысты шұғыл жаңалық тарады

Redaktor

«Қайрат» пен «Астана» арасындағы «алтын матчтың» өтеніні күні мен уақыты белгілі болды

Redaktor