Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Қайрат Сәтжанов қызметінен кетті

Фото: ҰОК ҚР

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов қызметінен кетті.

Ол ұлттық құрама тізгінін Париждегі сәтсіздіктен кейін ұстаған еді.

«ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысының жетекшілігімен ерлер командасы көптеген халықаралық турнирлерде топ жарып, әлем чемпионатының жүлделерін иеленді. 35 жылдан аса тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты бұл қызметтен бас тартуына тура келді. Қайрат Тұрсынханұлына отандық бокс қауымдастығының атынан алғыс білдіреміз!» — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Сәтжанов денсаулығына байланысты қызметтен осымен екінші рет кетіп отыр. Оның алдында 2021-2023 жылдары да бас бапкер болған еді.

Өткен жылы ұлттық құрама оның жетекшілігімен Ливерпульдегі әлем чемпионатында 4 алтын жеңіп алды.

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» еурокубокта тағы ұятқа қалдырды

Redaktor

Назым Қызайбай бастаған көшбасшы боксшылар ұлттық құрамадан «шеттетілді»

Redaktor

Шетелдік сарапшы Нұрсұлтановтың не үшін чемпиондық белдікке неге шықпай жүргенін түсіндірді

Redaktor