Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

«Қаптағы мысық»: бокстан ұлттық құраманың жаңа бас бапкері сынның астына қалды

ҚФБ

Еңбек сіңірген жаттықтырушы Жұмабек Өмірзақов Sportarena.kz сайтына ұлттық құраманың жаңа бас бапкері тағайындалуына қатысты пікір білдірді:

Нұржан Насановты неге тағайындағандарын білмеймін. Ол Санжар Тәшкенбайды дайындағанын айтпағанда, нақты не істеді? Қазақстан бокс федерациясы өз шешімінің себебін неге түсіндірмейді? Мен үшін бұл түсініксіз. Менің ойымша, Нұржан Насанов – «қаптағы мысық, – деді Өмірзақов.

Сарапшы биыл отандық бокс үшін маңызды кезең болатынын атап өтті. Алда – Азия ойындары, онда көптеген салмақ дәрестерінде бәсекелестік былтырғы әлем чемпионаттарынан да жоғары болады.

Өткелде ат ауыстырмайды» деген мақал бар. Бапкер ауысқаннан кейін біз қалай өнер көрсетеміз – басты сұрақ осында, – деді Жұмабек Өмірзақов.

Ұқсас жаңалықтар

Данияр Қайсанов Азия чемпионатындағы нәтижені қорытындылады

Redaktor

Азия чемпионатына қатысатын отандық балуандар анықталды

Redaktor

«Нұрбектің өзі кінәлі»: Ұлттық құраманың бас бапкері Нұрбек Оралбайды сынға алды

Redaktor