Beksports спорт порталы
ДзюдоЖаңалықтар

Англиядағы өмірді көргенде жиіркенішті болды – Елдос Сметов

Фото: Yeldos Smetov/Instagram

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Англияның Лондон қаласында төрт ай тұрып, дамыған елдің тұрмыс-тіршілігі мен қоғамы туралы өз ойымен бөлісті. Ол бұл туралы «Бірге бір» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Айтуынша, спортшы Англияға ағылшын тілін үйрену мақсатында барған. Алайда төрт ай тіл үйренуге жеткіліксіз екенін атап өтті.

«Лондонда төрт ай тұрып келдім. Ағылшыным керемет деп айта алмаймын. Нан сұрай аламыз, барсақ аштан қалмаймыз. Бірақ ағылшын тілінде еркін сөйлеп кетуге төрт ай өте аз. Қазір онлайн оқуды қолға алып жатырмын», – дейді ол.

Сонымен қатар Елдос Сметов Англия қоғамының менталитеті қазақ қоғамына сәйкес келмейтінін жеткізді.

«Біз үнемі «еліміз дамыса» деп айтамыз ғой. Бірақ шетелге барып, көзбен көргенде мүлде бөлек әсер алады екенсің. Ол жақта еркек пен әйелді, жұп пен жұп еместі ажырата алмайсың. Бала жетектегеннен гөрі ит жетектеген адам көп. Біз қызығатын дүние емес. Осындайды көргенде жиіркенішті болды. Егер даму жолы осындай болса, біз дамымай-ақ қояйық дедім», – дейді чемпион.

Олимпиада чемпионы бұл ойының артында отбасы мен болашақ ұрпаққа деген алаңдаушылық жатқанын атап өтті.

«Менің бала-шағам, болашақ немерелерім бар. Балаларымды осындай қоғамда көргім келмейді», – деді ол.

Сондай-ақ спортшы әлеуметтік желінің балаларға тигізер зияны туралы да пікір білдірді.

«ТикТок көрсетпеймін, бірақ Instagram-ға кіріп тұрады. Әлеуметтік желі өте қауіпті қару. Ұятсыз, боқтық дүниелер шектеусіз көрсетіліп жатыр. Максималды түрде балаларыма көрсетпеуге тырысамын. Үгіт-насихат жүргізбеймін, ұрмаймын. Өз іс-әрекетіммен тәрбиелегім келеді», –дейді ол.

Елдос Сметов үшін балаларының атақты немесе бай болуы емес, тәрбиелі азамат болып өсуі маңызды екенін жеткізді.

«Арманым –  ең болмаса балам мен сияқты адам болса екен. Ата-ананы құрметтейтін, бауырын сыйлайтын азамат болса болды», – деп түйіндеді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от beksports (@beksports.kz)

Ұқсас жаңалықтар

Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған журналистер арасында бильярдтан республикалық дәстүрлі турнир өтті

admin_beksports

​Астанадағы бокс кешінің толық карды белгілі болды

Redaktor

Өтемұратов Димашқа теннис туралы ән жаздыруы мүмкін

Redaktor