Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Александр Мартынович Мбаппемен жейде алмастырғанын айтты

Фото: Neville Hopwood – UEFA

Беларусь қорғаушысы, «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Александр Мартынович «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында мадридтік «Реалға» қарсы өткен матчтан кейін француз шабуылшысы Килиан Мбаппемен ойын жейдесін алмастырғанын айтты.

Мартынович кездесуден кейін ойыншылар туннелінде Мбаппеден жейде сұраған.

«Мадридтің «Реалымен» ойнаған кезде, матчтан кейін подтрибуналық бөлмеде Мбаппеден футболкасын сұрадым. Ол: «Иә, еш мәселе жоқ», – деді. Өз жейдесін берді. Мен одан: «Саған менің жейдем керек пе?» деп сұрадым. Ол: “Әрине керек”, – деп жауап берді», – деді Александр Мартынович.

Осылайша, «Қайрат» қорғаушысы әлемдік футбол жұлдызы Мбаппемен естелікке жейде алмастырғанын растады.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қырғызстаннан 268 спортшы қатысады

Redaktor

Елімізде алғаш рет Roland Garros турнирінің іріктеу кезеңі өтеді

Redaktor

Қазақстан Норвегиямен тең ойнады

Redaktor