Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлауға уәде берген кәсіпкер сөзінде тұрды

Соцсети

Желіде XXV Қысқы Олимпия ойындары чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың әкесі жаңа автокөлік жанында түскен фотосуреттер тарады.

inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский Олимпиада чемпионының әкесіне көлік тарту етті. Ол бұл шешімі туралы Instagram парақшасында бөлісіп, «Елің үшін мақтану қандай керемет!» деп жазды және спортшының отбасына жеке сый жасайтынын мәлімдеді.

Кәсіпкер чемпионның әкесі Станислав Александровичке Audi Q8 автокөлігін сыйлайтынын айтты. Оның сөзінше, бұл – ұлының үлкен жетістігінің бастауында тұрған әкеге деген құрметтің белгісі.

Михаилға осындай қуаныш пен мақтаныш сыйлағаны үшін алғыс білдіремін. Осы табыстың негізін қалаған жанға ризашылығымды көрсеткім келеді. Сондықтан чемпионның әкесі Станислав Александровичке Audi Q8 көлігін тарту етемін. Бұл – менің ғана емес, барша қазақстандықтардың атынан жасалған сый. Ол Михаилдың алғашқы жаттықтырушысы болды әрі кезінде ұлының арманы үшін өз көлігін сатып жіберген. Бүгінде сол арман алтын медальға айналды. Audi сақиналары отбасыңызға осы тарихи жеңісті еске салып тұрсын, – деді Арсен Томский.

Айта кетейік, бұған дейін Михаилдың әкесі ұлының жаттығуын жалғастыруы үшін өз көлігін сатқанын хабарлаған едік.

Ұқсас жаңалықтар

Бақбергеновалардың бапкері ұлттық құраманы жаттықтырады

Redaktor

«Шойынбалға» Руслан Абдуллаев кәсіпқой боксқа ауысты

Redaktor

Михаил Шайдоров Олимпиада жүлдесіне қол жеткізе ала ма?

Redaktor