Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Төрт қазақстандық теннисші әлемнің үздік ондығына енді

ҚТФ

Қазақстан теннисінің тарихында алғаш рет еліміздің төрт өкілі бірдей әлемдік рейтингтердің топ-10 қатарына кірді. Бұл жетістік қазақстандық теннис мектебінің жүйелі дамып келе жатқанын және салада жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстың нәтижелі екенін айқын көрсетеді.

Әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина жоғары деңгейдегі турнирлерде тұрақты нәтиже көрсетіп, WTA рейтингінде 3-орында тұр. Маусым оның Australian Open турниріндегі жарқын жеңісімен басталды. Финалда ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Ерлер арасында Александр Бублик ATP Tour рейтингінің 10-сатысына көтеріліп, заманауи теннистегі ең жарқын ойыншылардың бірі екенін дәлелдеді.

Жұптық сында Анна Данилина WTA doubles рейтингінде 6-орынға шығып, мансабындағы ең үздік көрсеткішіне қол жеткізді. Ал жасөспірімдер арасында Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингінің үздік ондығына еніп, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Бұл табыстар қазақстандық теннисшілердің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеті артып келе жатқанын және ұлттық теннис жүйесінің тиімділігін айқын дәлелдейді.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкер Дулат Тастекей Әбиба Әбужақыноваға стипендия беруді ұсынды

Redaktor

Флорентино Перес 2026 жылы «Реал» президенті қызметінен кетеді

Redaktor

Қазақ баласы жүзу спортынан алтын алды

Redaktor