Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр

Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы үздік үміткерлер рейтингінде көш бастап тұр.

Жаңартылған рейтингте жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы бірінші орнын сақтап қалды. Қазіргі уақытта бұл салмақтағы чемпиондық белбеу доминикандық боксшы Карлос Адамеске тиесілі.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің алғашқы он бестігіне енген Қазақстаннан жалғыз боксшы болып отыр.

Қазақстандық спортшы соңғы рет шаршы алаңға 2023 жылдың қараша айында шыққан болатын. Сол жекпе-жекте ол Ташкент қаласында (Өзбекстан) чилилік боксшы Хулио Аламосты жеңген еді.

32 жастағы Мейірім Нұрсұлтановтың кәсіби мансабында 20 жеңіс бар. Оның 11-і нокаутпен аяқталған. Әзірге ол жеңіліс көрген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Магомед Адиев: «Крылья Советовқа» бару – мансабымдағы ең дұрыс шешім болмады

Redaktor

Қазақ футзалының аңызы ұлттық құрамаға бапкер болды

Redaktor

Қазақ баласы Бейбарыс Қаблан таеквондодан тұңғыш әлем чемпионы атанды

Redaktor